- Басты
- Жаңалықтар
- Жеңіс жалаушасы Астанаға оралады - ҚМ(ФОТО)
Жеңіс жалаушасы Астанаға оралады - ҚМ(ФОТО)
«Жеңіске құрмет» республикалық марафон-акциясына Алматы гарнизонының әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жергілікті соғыстарға қатысушылар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
«Өз жолын Астанадағы 36 десантты-шабуылдаушылар бригадасынан бастаған Жеңіс жалаушасы барлық өңірлік қолбасшылықтардың әскери бөлімдерін аралап шықты», деді Алматы гарнизонының бастығы генерал-майор Дәулет Оспанов.
Ол акцияға қатысушыларды Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен Достастық елдері Ардагерлер жылы шеңберінде Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың атынан өткізіліп отырған тарихи оқиғамен құттықтады. Сонымен қатар, генерал-майор Д. Оспанов «Жауынгерлік ерлік халықтың жадынан ешқашан өшпейтінін, сардарлар мен сарбаздардың Отан үшін болған ұрыста көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы тарихымызға мәңгі жазылатынын» атап өтті.
Аэроұтқыр әскерінің әскери қызметкері майор Қанат Есдаулетов Жеңіс жалаушасын Астананың өкіліне берді.
Ұлы Отан соғысының ардагері запастағы полковник Геннадий Мунайлов Мемлекет басшысына ауқымды бастамасы және ардагерлерге жасаған қамқорлығы үшін ризашылығын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, «Жеңіске құрмет» марафон-акциясы 15 қаңтарда аяқталады. Сол күні Жеңіс жалаушасы Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне табыс етіледі.
-
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Жеңіс күні: Qaharman1945.kz порталы іске қосылды -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі» -
Өңірлердегі жаппай газдандыру Қарағандының көмір өндірісіне әсер еткен жоқ – әкім -
Қ.Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады -
Еуразиялық бастамаға 25 жыл: Ынтымақтастықтың жемісі мен жеңісі -
Жеңіс Қасымбек: Қазір 537 мың, 1 миллионға жеткіземіз -
ҚР БҒМ: Астанаға жыл сайын 15 мектеп салынуы керек -
Әлем фотографтары Астанаға жиналды -
Рухани жаңғыру: Түркістандық өнерпаздар Астанаға тарту жасады -
Нұрсұлтан Назарбаев: Астана - Қазақстанның жеңісі