Өскемен билігі 2015 жылы ішкі туризмді қарқынды дамытпақшы

13 Қаңтар, 2015 17:26
Өскеменнің сол жағалауындағы Комсомол аралы соңғы кездері халық арасында өте танымал және үлкен сұранысқа ие, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.

«Қала орталығынан алыс емес жерде тұрғындарды көптеген мұз айдындар, шаңғы жолақтары мен спорттық шаралар күтіп отыр. Қыстыгүні спорт сүйер қауымға іс табылады», - деп атап өтілген хабарламада.

ШҚО-ның облыс орталығындағы негізгі қысқы спорт түрлері туралы қалалық әкімшіліктің өкілі баспасөз конференциясында кеңінен әңгімелеп берді.

Ақпараттық орталықтан түсіндіріп өткендей, қала әкімдігі соңғы кездері кеңінен танымал, әрі сұранысқа ие Комсомол аралында қала аумағынан шықпай-ақ демалуға барлық жағдай жасады. Аралда шаңғы мен конькиді жалға беру пункттері жұмыс істейді. Ал, сырғанау жолақтары кешкі 23.00-ге дейін жарықтандырылады. Жалпы, аралға келіп демалушылардың басым бөлігі оқушылар, студенттер мен зейнеткерлер.

Сонымен қатар, әкімдік 2015 жылы өз алдына ішкі туризмді қарқынды дамыту бойынша міндеттер қойып отыр. 

Барлық жаңалықтар