Астана театрлары жаңа театр маусымына премьералар дайындады

1 Қазан, 2013 10:11
Әр театр жаңа маусымда елорда тұрғындарын жаңа қойылыммен қуантпақ. Бүгіннің өзінде Астананың 6 театры жаңа маусымға дайындық үстінде, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ драма театры қазанның екісі күні өзінің 23-інші маусымын режиссер Әлімбек Оразбековтың сахналаған «Абай» эпикалық драмасымен ашады.

Ал М.Горький  атындағы мемлекеттік академиялық орыс театры қазанның он сегізінде режиссер Нұрлан Асанбековтың қойылымы «Ромео  мен Джульетта» премьерасы мен өзінің 113-інші маусымын бастайды.

Өткен  демалыста мәдениет қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтті. Арнайы концерт ұйымдастырылып, 145 өнерпаз Астана қаласы әкімінің атынан алғыс хат иеленді.

Айта кету керек, елордада бүгінде мәдениет саласына аса көп көңіл бөлінуде. Жыл сайын Астанада 8000 астам мәдени-көпшілік шаралар  өткізіледі.

Барлық жаңалықтар