• Басты
  • Астанада кәсіпкерлер мектебі ашылды

Астанада кәсіпкерлер мектебі ашылды

13 Қаңтар, 2015 19:04
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Астанада «BASTAU» бизнес мектебі»атты оқыту жобасын ашты, деп хабарлайды ҰКП.

Хабарламада айтылғандай, оқыту жобасы жұмыссыз жастарға, жас және бастауыш кәсіпкерлерге арналған. Бағдарлама үш кезеңнен тұрады және жұмыс істеп тұрған тренингтер мен семинарлардың сараптамасы негізінде дайындалды. Әр деңгейдегі оқыту айға бөлінген және мемлекеттік, һәм орыс тілдерінде оқытылады. Мектепті бітіргеннен кейін түлектер инвестиция тарту мен жұмысқа орналасқанға дейін қолдау көреді.

«Елдің 8 өңіріндегі жастардың қажеттіліктерін зерттедік. Әсіресе кәсіпкерлік саласын олардың көпшілігі үлкен мүмкіндіктерге жол ашылатын сала ретінде көреді. Кәсіпкерлік олар үшін әлеуметтік деңгейді көтерудің бір құралы. Дегенмен олардың осы орайда алдарынан шығатын белгілі бір қиындықтарға кезігетіні анық. Соның бастысы бизнес сауаттылығының болмауы. Кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік шараларынан хабарсыз. Сонымен қатар бастапқы капиталдарының жоқтығы да аяққа тұсау. Біздің мектеп қызметі аясында оларға аталмыш мәселелерді шешуге көмек қолын ұсынамыз. Қазіргі таңда осындау көптеген мектептер бар», - дейді ҚР ҰКП басқарма төрағасының кеңесшісі, жастар кәсіпкерлігін дамыту кеңесінің хатшысы Эльдар Жұмағазиев.

Оның айтуынша, үш ай нағыз уақыт. Осы уақытта жастар кәсіпкерлік негіздерін үйреніп, кәсіпкерлер психологиясын сіңіреді. Олар қажетті мемлекеттік қолдау тетіктерімен танысады. Екінші кезеңде өздерінің бизнес жоспарларын жасап, оны жан-жақты тани түседі. Оқуды аяқтағаннан кейін әрқайсысының қолында дайын бизнес жобалары болады.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бірінші кезеңді бастауыш кәсіпкерлер тегін оқиды. Олар ынталандырылып, келіссөздер жүргізу тілдерін меңгереді. Сонымен қатар кәсіпкерлік сананы сіңіреді. Екінші кезеңде олар бизнес жобаларын дамытып, соны іске асыру тетіктерін қарастырады және нарыққа талдау жасап, әлеуметтік желілер арқылы кәсіптерін ілгерілетеді. Соңғы кезеңде бастауыш кәсіпкер тәжірибелі кәсіпкердің жетелеуімен нарыққа кіре бастайды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҰКП жастар кәсіпкерлігін дамыту кеңесінің бірінші отырысында бизнес мектебінің құрылатыны жарияланған еді. 

Барлық жаңалықтар