Петропавлда 2014 жылы көпқабатты 45 үй жөндеуден өтті

13 Қаңтар, 2015 13:32
Петропавл қаласында тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту аясында 2014 жылы 45 көпқабатты үй жөндеуден өтті, деп хабарлады СҚО әкімдігі.

«2014 жылы 45 көпқабатты үйді жөндеуден өткізу үшін республикалық бюджеттен 777,1 млн теңге бөлінді», - делінген хабарламада.  

Сонымен қатар, 2014 жылы жалпы сомасы 3,8 млн теңге  тұрғын үй көмегін орташа есеппен 264 жекеменшік иесі пайдаланды, әр адам басына шаққанда 14 мың теңгеден шығады. 

Барлық жаңалықтар