- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада 175 бала инклюзивтік біліммен қамтылды
Елордада 175 бала инклюзивтік біліммен қамтылды
Елордада түрлі білім мекемелерінде инклюзивтік білім беру қызметтері ұсынылады. Қалада 13 мектепке дейінгі білім беру мекемесінде түрлі кемшіліктері бар мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған коррекция және инклюзивтік білім беру кабинеттері ашылды. 2014 жылғы 1 маусымнан бастап көзі көрмейтін балаларға арналған №23 коррекциялық балабақшадағы топ өзінің бейінін өзгертті.
2014-2015 оқу жылында 49 мектепте 175 бала инклюзивтік біліммен қамтылды. Барлық мектептерде кедергісіз білім алу ортасы құрылды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен мүгедектерге арналған арбаларды көтеретін арнайы құралмен жабдықталған әлеуметтік такси – инватакси мәселесі шешілді.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі құрылыс-техникалық колледжде 15 мүгедек баланы штукатур-маляр мамандығына оқыту бойынша эксперименталдық алаң ашылды. Қазақстан технология және бизнес университетінің колледжінде мүмкіндігі шектеулі 25 жасөспірімге «Дизайнер» мамандығы бойынша қашықтықтан оқыту ұйымдастырылды.
2014-2015 оқу жылында инклюзивтік білім беруді қолдау мақсатында №63 орта мектепте тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған инклюзивтік сыныптар, эмоционалдық-ерікті сала және инклюзивтік оқыту бойынша тәртібі бұзылған балаларға арналған №23 орта мектепте дайындау сыныбы, №74, 78 мектептерде инклюзивтік сыныптар ашылды, қазақстан технология және бизнес университетінің колледжінде қазақ тілінде «Дизайн (профильдері бойынша)», «Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша)», орыс тілінде «Қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру», «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» мамандықтары бойыншамүмкіндігі шектеулі 40 жасөспірімді күндізгі оқыту ұйымдастырылды.
Өз бетінше жүре алмайтын балалар 20% жеңілдікпен ақылы негізде қашықтықтан оқытылады. Олар «Қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру», «Қаржы», «Экономика» және «Ақпараттық жүйелер» (қолдану аясы бойынша) мамандықтары бойынша екі тілде білім алады. Сонымен қатар, №71 орта мектепте көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «№2 психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеті» ашылды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді