СҚО-да Абылай ханның 300 жылдығына арналған бәйге өтті

1 Қазан, 2013 10:06
Солтүстік Қазақстан облысында Абылай ханның 300 жылдығына орайластырып бәйге ұйымдастырылды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қызылжар ауданының «Құлагер» ипподромында Абылай ханның 300 жылдығына орай мерекелік шара ұйымдастырылды», - деп хабарламада жазылған.

Мерекелік шарадан кейін ипподромда  бәйге өтті. Бағдарлама 5 айналымнан тұрды. «Құнан бәйге» номинациясында Астана қаласының қатысушысы Берік Айтпаев жеңіске жетті. Екінші айналымда «Жорға жарысты» - Макинск қаласының тұрғыны Николай Бабичев қанжығасына байлады. Үшінші жарыста 3 жасқа дейінгі жылқылар қатыстырылды, бұнда  Есіл ауданының Вячеслав Таровников ерекше көзге түсті. 3 жылдан артық жылқыларға арналған номинацияда Қызылжар ауданынның «Зенченко и К» шаруа қожалығын таныстырған Абдували Нұрметов иеленді.  

«Аламан Бәйге» номинациясы бойынша 13 жасар Берік Айтпаев жеңіске жетті.

 

Барлық жаңалықтар