- Басты
- Жаңалықтар
- 17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді
Қазақстандықтардың 91,6%-і немесе 17428058 адам Жалпыұлттық халық санағына қатысты. Азаматтардың 40,4%-і санақтан онлайн, 51,2%-і офлайн өтті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді.

«Санақтан өткендер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Мұнда санаққа қатысқандар қатары бұған дейін тіркелген халық санына шаққанда 107,5% құраған. Яғни, қолда бар мәлімет бойынша Алматы тұрғындарының саны 2005496 деп көрсетілген. Ал санақ сауалдарына 2154907 адам жауап берген. Демек, Халық санағы қазірдің өзінде мегаполис халқының нақты санын көрсетуге көмектесетінін сеніммен айта аламыз»,- деді Бюро басшысы.
Екінші орында Түркістан облысы, онда халық санағына 98,6% немесе 2032333 адам қатысты. Үшінші орында Жамбыл облысы, мұндағы санақтан өткендер саны халықтың 98,6%-ін немесе 1129863 адамды қамтиды.
Бір айта кетерлігі, санаққа онлайн қатысуда Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары белсенділік танытты мұнда санақтың 57,7% жаңа форматта өтті. Екінші орында 52,9% көрсеткішпен Қызылорда облысы тұр. Көшбасшылар үштігін Жамбыл облысы түйіндейді, онда тұрғындардың 47,2%-і халық санағына онлайн қатысты.
Дәстүрлі форматтағы санаққа қатысудың ең жоғары көрсеткіші Алматыда тіркелген – тұрғындардың 76,1%-і пәтерлерді аралау кезінде санақтан өткен. Екінші орында – 69,6% көрсеткішпен Шымкент, ал үшінші орында – Алматы облысы, онда тұрғындардың 60%-і халық санағына қатысудың дәстүрлі форматын таңдаған.
Бұған дейін біз Алматы облысының Балқаш ауданы мерзімінен бұрын сауалнама шараларын аяқтағанын айтып едік.
«Осы Алматы облысындағы Кербұлақ ауданында сауалнама мәресіне жеткен. Халық санағы аясында мәліметтер жинау жұмысы Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында аяқталды. Ал Павлодар облысын 8 бірдей ауданы (Ақтоғай, Железин, Ертіс, Тереңкөл, Аққулы, Май, Успен, Шарбақты) санақ аясында сауалнама жүргізу шараларын бітірді»,- деді Нұрболат Айдапкелов.
2021 жылғы Ұлттық санақтың негізгі кезеңі Қазақстанда 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін өтуде. Қарашаның 8-не дейін санақ өткізу әдістемесіне сәйкес, нақтылау шаралары қарастырылған. 2021 жылғы халық санағының ұраны - "Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!"
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады
-
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді
-
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді
-
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады
-
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды

