• Басты
  • 17 мамыр - байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні

17 мамыр - байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні

17 Мамыр, 2021 17:14

2019 жылдан бері қазақстандық ресми мерекелер қатарына 17 мамыр байланыс және ақпараттандыру саласы қызметкерлерінің күні болып енді. Ал бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні – 28 маусым. Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күніне орай осы саланың дамуы туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалында.



Телекоммуникацияның дамуы – жаһандық дамудың көрсеткіші

Бүгінгі таңда жаһандық дамуды коммуникация, байланыс және ақпараттандырусыз елестету мүмкін емес. Жаһандану тенденциясының өте жылдам темппен дамуына әсер еткен – ақпараттандырудың дамуы. Осы саланың дамуы салдарынан көптеген мамандықтар өзектілігін жоғалтып, тіпті мамандықтар қатарынан шығып қалған.

«ХХI ғасырда медиа саласы әлемдегі оқиғаларды таратушы болып қана қоймай, көбіне оның жекелеген елдерде және тұтас әлемде қалай өрістеп отырғанын айқындайтын жетекші күшке айналды», - деп ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев айтқандай, қазіргі уақытта ақпарат тарату саласы үлкен маңызға ие.

Қазақстанда ІТ-компаниялар мен ІТ-қызметтерді дамытуда көп жұмыс атқарылып келеді. Мәселен, биылдан бастап ІТ-компаниялар бизнестерін дамытуға «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие ала алады. Сыйақы мөлшерлемесі жылына 6 пайыздан аспайды. Осы нарықты дамыту үшін мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп, қолайлы жағдай жасалып жатыр. Инновациялық гранттар беру үрдісін жаңартылып жатыр. Цифрлық даму министрлігінің дерегеніше, екі аптаның ішінде рекордтық көрсеткіш – 660 өтінім келіп түсті. Нәтижесінде 5 стартапты қаржыландырылады.

Байланыс қызметкерлері кімдер?

Байланыс саласының қызметкерлеріне теле-коммуникация саласында қызмет етіп жүрген, интернет желісін орнатушылар, байланыс инженерлері мен телефон байланысы жағында қызмет етіп жүргендерді жатқызамыз.

Қазақстанның телекоммуникация нарығында қалааралық және халықаралық телефон байланысы, Интернет желісіне қол жеткізу, спутниктік жылжымалы байланыс қызметтерін ұсынатын 20-ға жуық байланыс операторлары, сондай-ақ 3 ұялы байланыс операторы жұмыс істейді.

Байланыс саласындағы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың нормаларына негiзделедi.

Байланыс саласындағы қызметтi реттеудi Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейді. Ал байланыс саласындағы жұмысты ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы әскери басқармасының орталық атқарушы органы Қазақстан Республикасында жиiлiк, радиожиілiктер белдеулерiн (радиожиiлiк арналарды) таратуды, бөлудi және меншiктеудi жүзеге асыруға уәкілеттi радиожиiлiкті орган болып табылады.

Байланыс саласы дегенде, телекоммуникация және электрбайланыс қызметкерлерін де бұл салаға жатқызамыз. Телекоммуникация саласына компьютердің көмегімен таратылатын ақпараттың барлық түрлерін (дыбыс, дерек, қозғалмалы және қозғалмайтын бейне, мультимедиа) талшықты оптикалық байланыс кабелі, радио, жердің жасанды серігі, т.б. байланыс түрлері де кіреді. Электр сигналдарын қабылдау мен таратуды телекоммуникация жүйесі жүзеге асырады. Телекоммуникация жүйелері жиынтығының орналасу орнына, жұмыс істеуі мен бір-біріне тәуелділігіне қарай біріктірілуін телекоммуникация желісі деп атайды.

Қазақстандағы байланыс түрлері

Қазақстанның телекоммуникация саласын кешенді дамытудың тиiмдi стратегиясын әзiрлеу – Қазақстан экономикасының маңызды бөлшегі. Бұл жұмыс Үкімет көлемінде атқарылады. Телекоммуникациялар - байланыстың өте маңызды құрамдас бөлiгi, ол өнiмi хабар беру және хабар беру үшiн техникалық құрал-жабдықтар ұсыну түріндегi қызмет көрсетулер болып келетiн қоғамдық өндiрiс саласы болып табылады. Телекоммуникациялар саласы телекоммуникациялар желiлерi мен ақпарат берудi жүзеге асыратын және тұтынушыларға телекоммуникациялар қызмет көрсетулерiн iске асыратын қызметтердiң жиынтығынан тұрады.

Байланыс саласы келесі байланыс түрлерінен тұрады:

Ұялы байланыс;

Бекітілген байланыс;

Пошта байланысы;

Радиожиілік байланыс.

Үздіксіз коммуникацияны қамтамасыз ету, халықтың бір-бірімен мінсіз байланысын қамтамасыз ету – зор еңбек. Бұл ретте жаңа технологиялар қолданылып, адамдардың сол техниканы игерудегі білімі орасан зор рөлге ие. Олар үнемі жаңа жобаларды меңгеріп отыру керек, сонымен қатар үнемі жаңарып отыратын мәзірлерді игеріп отыруларына тура келеді. Сондықтан осы салада қызмет ететін қызметкерлердің еңбегі еленуі тиіс.

Телефон байланысы

Қазіргі уақытта коронавирустық пандемияға байланысты елдің онлайн форматтағы жұмысқа өтуіне орай байланыс және ақпараттандыру қызметкерлеріне деген сұраныс артқанын баршаға мәлім. Оқуышылар білім алу үшін мұғаліммен байланысты орнату компьютер және интернеттік желі арқылы жүзеге асады.

Қазақстанда бекітілген байланыстың 2,5 млн. абоненті тіркелген. Демек, бұл стационарлы телефонды пайдаланатын адамдар саны. Жыл сайын үй, кеңсе телефонын пайдаланушылар қатары азайып барады. Өйткені ұялы байланыс қарқынды дамыды. Қазақстанда 25,8 млн. Ұялы байланыс пайдаланушы абонемент тіркелген. Ал халық саны бұл көрсеткіштен әлдеқайда аз. Демек бір немесе бірнеше ұялы байланысты пайдаланатын адамдар қатары да көбейген.

Ұялы телефон байланысы және интернет

2011 жылдан бастап елімізде 3G стандарты қолданыла бастады. Осы сәттен бастап ұялы интернет байланысын пайдаланушылар саны күрт артты. Қазір ұялы байланыссыз адам кездестіру мүмкін емес. Ал 2014 жылы байланыс операторлары 4G/LTE стандарты ене бастады. 2019 жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5G байланыс желілерін тестілеу бойынша пилоттық жоба жасалды. Осы саладағы сарапшылар айтқандай, тестілеу нәтижелері ойдағыдай болды. Қазақстан 5G технологиясын толық енгізуге дайын!

Десе де, Қазақстанның кей ауылдарында қолжетімді интернет жоқ. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин айтқандай, ол басқарып отырған ведлмство соңғы жылдары тұрғындар саны 250-ден астам ауыл-аймақтарға интернет жеткізу жобасымен айналысып келеді. Оның дерегінше, көп жерде оптика жоқ. Қазақстанда 6 341 ауылды мекен болса, 4 500-інде әртүрлі интернет бар. Бірақ 2 мыңында оптикалық интернет жоқ.

Ресми дерекке сәйкес, қазіргі таңда Қазақстанның 1200 ауылында мүлдем интернет жоқ. Ал 500 ауылда интернеттің сапасы өте төмен.

«Осы жылдың соңына дейін 500 ауылды сапалы интернетпен қамтамасыз етуді жоспарладық. Ал 1 200 ауылдың бәріне интернет ортану 1Web сияқты технологиялармен 2020 жылдың соңына дейін жүргізіледі. Бірақ тұрғындарының саны 50 адамнан аз елді мекендерге интернет тарту туралы мәселе әлі талқыланып жатыр, - деді Б. Мусин.

Айта кету керек, қазақстандықтардың сапалы интернетте қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мынадай сымсыз және сымды технологиялар қолданылады:

ADSL,

FTTN,

3G,

4G/LTE,

CDMA/EVDO және т. б.

Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда компьютер арқылы жоғары жылдамдықты кең жолақты Интернетке қол жеткізе алатын абоненттер саны – 2,5 млн. Адам. 2019 жылдың соңында мобильді интернетке қол жеткізгендер саны 14,9 млн. Абонементті құрады.

Пошта байланысы

Пошта байланысы ауылдық аумақтар халқының ақпаратқа және қаржылық қызметтерге қол жеткізу үшін физикалық арналардың бірі болып табылады. Қазіргі таңжа республика аумағында 3448 пошта бөлімшесі бар. Онда тек хат пен қаржылық қызметтер жасалмайды, сондай аймақаралық және халықаралық зат тасымалдау қызметтері көрсетіледі. «ҚАЗПОШТА» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы директоры Серік Берденовтың айтуынша, пошта қызметі қашан да сұранысқа ие. Қазіргі уақытта бұл сала да цифрландыруға аяқ басты. Пошта қызметін пайдаланушылардың телефондарына уақытылы тасымалдау туралы ақпарат түсіп отырады.

«Қазір біздің филиалда өңір бойынша мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. 146 түрлі қызмет көрсетеміз. 65 мыңнан астам адам пошта жүйесінен зейнетақы алады. Осы саладағы тағы бір ерекшелік - тұтынушылар аударымдарды «Пастомат» жаңа құрылғысы арқылы 24 тәулік ішінде жібере алады», - деді пошта филиалының басшысы.

Бағдат Мусиннің құттықтауы

186511931_3030568257226252_4978834183842499382_n.jpg

Бүгінгі мерекеге орай ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында құттықтау сөз жазыпты.

«Бүгін - Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні. Осы салада жүрген барша әріптестерімді кәсіби мерекемізбен құттықтаймын», - деп жазды Мусин.

Бағдат Мусин жазғандай, қазіргі ақпараттық заманда Қазақстанның көштен қалмай, бәсекеге қабілетті елге айналуы жолында байланыс және ақпараттандыру мамандарының рөлі арта түсті. Әсіресе бүкіләлемдік пандемия жағдайында сіздердің қажырлы еңбектеріңіз қаншалықты маңызды әрі өзекті екендігі айқын көрінді.

«Елімізді жаппай цифрландырып, экономикалық-әлеуметтік дамыту жолындағы жұмыстарыңыз толағай табыстарға толы болсын. Сіздерден өнеге алып, заманға сай мамандықтардың майталмандарына айналар ізбасарларыңыз көбейе бергей. Ойға алған арман-мұраттарыңызға жетіп, отбасылық бақыт пен жеңіске толы жетістіктерге кенеле беріңіздер», - деді ол.


Барлық жаңалықтар