• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада әйнек қалдықтарын қайта өңдеу бойынша меморандумға қол қойылады

Астанада әйнек қалдықтарын қайта өңдеу бойынша меморандумға қол қойылады

13 Қаңтар, 2015 12:11
Астанада 2014 жылы 14 қаңтарда «ECO-EFES» жобасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады, деп хабарлады Қазақстандық баспасөз клубы.

«Астана қаласы әкімдігі жанындағы «EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу және дайындау дирекциясы» ЖШС «Эфес Қазақстан» ШК АҚ-мен және  PosadiDerevo.kz  қоғамдық бірлестігімен бірлесіп меморандумға отырады. Ол Астана қаласының тұрғын үй кешендерінде  әйнек қалдықтарын екінші қайтара өңдеу үшін жинау, тасымалдау мен өткізуге бағытталған», - делінген хабарламада. 

Айта кетерлік жайт, бүгінде әйнек қалдықтарын екінші қайтара өңдеу күнтәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Шыны өндірісі электр энергияны көптеп қажет етеді және оны қайта өңдеу соншалықты оңай шаруа емес, оның үстіне оның экологияға тигізер зияны да аз емес. 

Барлық жаңалықтар