- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда электр энергияның бағасы көтерілмейді – KAZENERGY
Қазақстанда электр энергияның бағасы көтерілмейді – KAZENERGY
Хабарламада түсіндіріп өткендей, ұлттық деңгейдегі АҚ электр желілері бойынша және өңірлік және жергілікті деңгейдегі РЭК электр желілері бойынша электр энергиясын беру және тарату тарифтерін табиғи монополоиялар және реттелетін нарық саласын басқаратын мемлекеттік орган (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті) бекітеді.
Жиынтық тариф өңірлік және өңіраралық деңгейдегі желілер бойынша электр өндіру, беру және тарату құнына, сонымен қатар жабдықтаушы үстемеақысына сүйене отырып қалыптастырылады. Осылайша, тұтынушылар электр энергиясын өндірушіден соңғы тұтынушыға жеткізу процесін ұйымдастыратын электр энергиясымен жабдықтаушы кәсіпорындарға ақы төлейді.
Бұдан басқа, электр энергиясының өндірістік құнын мемлекет реттейді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 392 қаулысына сәйкес 2009 жылдан 2015 жылға дейін электр энергиясына жыл сайын «инвестицияға ауыстырылатын тариф» қағидасы бойынша мөлшерлі тариф белгіленеді. Электр энергиясының құнына электрмен жабдықтау жүйесін одан әрі жаңарту сомасы: жаңа актвитерді құру, қолданыстағы электр стансаларын кеңейту, жаңарту, қолдау, қайта құру және техникалық қайта жарақтау сомасы кіргізіледі.
Өткен жылы ҚР Энергетика министрлігі ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы қаулысымен бекітілген мөлшерлі тарифтерден аспайтын деңгейде ЭӨҰ-ға 2015 жылға тариф бекітуді қарастыратын энергия өндіруші ұйымдармен (ЭӨҰ) жасалатын инвестициялық келісімдерді қарады және оларға қол қойды.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады