Будапештте Қазақстан-Мажарстан Іскерлік кеңесінің отырысы өтеді

13 Қаңтар, 2015 10:32
Қазақстандық кәсіпкерлер Мажарстан астанасы Будапеште қаңтар айының 29-30 аралығында өтетін Қазақстан-Мажарстан Іскерлік кеңестің отырысына қатысады, деп хабарлады ҚР ҰКП.

«Қазақстандық кәсіпкерлер өздерінің компанияларын таныстырып, венгерлік кәсіпорындармен ынтымақтастық мәселелерін, кәсіби байланысты орнату, екіжақты  келіссөздерге қатысу және экономиканың түрлі саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін жан-жақты талқыламақшы», - делінген хабарламада.

«Біздің қатысуымыздың мақсаты ҚР мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде қайта өңдеу саласында бірлескен жобаны жүзеге асыруға серіктес табу. Өкінішке орай біз венгерлік компаниялармен ынтымақтастық орнатпағанбыз.  Біз өз идеяларымызды ұсынып, олардың тарапынан қолдау табамыз деген үміттеміз», - деп ағынан жарылды «AST Invest Company» ЖШС директоры Әділхан Өмірбаев.

Айта кетерлік жайт, 2014 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Венгрияның тауар айналымы 131,4 млн долларды құрады (өсім 2,5%), өткен жылы ол 128,2 млн долларды көрсеткен. 2005 жылдан бастап 2013 жыл аралығында тікелей инвестициялар ағымы 60 млн доллардан асып жығылды. 

Барлық жаңалықтар