- Басты
- Жаңалықтар
- Аэроұтқыр әскерлерінің мергендер даярлығы өтеді
Аэроұтқыр әскерлерінің мергендер даярлығы өтеді
Күрделі ауа райы мен климаттық жағдайға қарамастан, Жаркент гарнизонының «Көктал» полигонында Аэроұтқыр әскерлері мергендерінің іс-қимылын пысықтауға арналған оқу сабақтары өтеді.
Бұл сабақтарда негізінен «шусыз соғыстарды» жүргізу мәселесіне баса көңіл аударылатын болады. Қазіргі заманғы соғыстар мен қарулы қақтығыстар тарихы көрсеткендей, көбінесе осы өнер шешуші маңызға ие.
Сабақтардың негізгі мақсаты – мергендер бөлімшелерінің жеке құрамына даярлық тәжірибесін, ұрыс қимылдарын жүргізу және қысқы жағдайда бүркемелеу тәртібін үйрету.
Полигондағы сабақтарға Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Руслан Мұздыбаев жетекшілік жасайды. Қызмет жылдарында ол офицерлік құрамның барлық буынынан өткен, тәжірибе алмасу үшін шетелдерде болған офицер. Бірнеше мәрте халықаралық деңгейдегі оқу-жаттығуларға жетекшілік жасаған. Сонымен қатар, жиын барысында атыс даярлығы, тактика, инженерлік даярлық, топография, медициналық даярлық байланыс және тау даярлығы бойынша сабақтар өткізіледі.
Мергендермен жауынгерлік даярлық бойынша кешенді сабақтар өткізу бірлескен іс-қимылдар үшін жақсы мектеп және қойылған міндеттерді табысты орындауға кепіл болмақ.
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді -
Covid-19 әлемде: Англияда рождество мерекесі локдаунда өтеді, Италияда бүкілхалықтық локдаун -
ЖОО-лардағы емтихандар қашан, қалай өтеді -
Елордада «Astanа Media Week» IV медиаапталығы өтеді -
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау процесі қалай өтеді, қанша қаржы бөлінді -
Қазақстанда жас отбасылардың фестивалі өтеді -
Конституция күніне арналған шаралар онлайн форматта өтеді