- Басты
- Жаңалықтар
- БАӘ «Астана ЭКСПО-2017-ге» қатысатындығын растады
БАӘ «Астана ЭКСПО-2017-ге» қатысатындығын растады
Өткен аптада Қазақстанның Әбу Дабидегі Елшісі Қайрат Лама Шариф Әмірліктердің Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы жөнінде пікір алмасу мақсатында БАӘ-нің «ЕХРО» көрмелеріндегі ұлттық павильонының Бас Комиссары Салем әл-Америмен кездесті. Кездесу барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасты «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге дайындық барысы Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) рәсімдері мен тәртіптеріне сәйкес жүзеге асып жатқандығын хабарлады.
Содан соң Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың атынан БАӘ Президенті шейх Халиф бен Заид Әл Нахаянға Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы ресми шақыру жолданды.
БАӘ Президент Әкімшілігінің басшысы шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян әмірліктер тарапы «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне ең жоғары дәрежеде қатысатындығын растады.
Өз кезегінде Салем әл-Амери Әмірліктердің «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға үлкен қызығушылық танытқанын хабарлады. Осы жерде «Dubai World EXPO-2020» Жоғарғы комитеті мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ арасындағы ынтымақтастықты ерекше атап кетуге болады. Ұйымдар өкілдерінің арасында дағдылы түрде кездесулер болып жатады, әмірліктер делегациясы 2014 жылы қыркүйекте Астанада өткен «ЭКСПО-2017» Халықаралық қатысушыларының Бірінші жиналысына белсенді қатысты.
БАӘ-нің «ЕХРО» көрмелеріндегі ұлттық павильонының Бас Комиссары Әмірліктердің «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы жөніндегі заңды құжаттарға қол қоюлуы алдағы бірнеше айда жүзеге асады деген сенімділігін білдірді.
Салем әл-Амери Астанада Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізуге құқық алған Қазақстанның халықаралық беделілінің жоғары деңгейін атап өтіп, келешекте өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделігін танытты.
-
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты -
БАӘ-ден елге жеткізілген 135 азамат тұрғылықты жерлеріне қайтарыла бастады -
Театр әр үйде: «Астана Опера» тілдесуге шақырады -
«Астана Операда» Абайдың 175 жылдық мерейтойы атап өтіледі -
Қазақстан БАӘ-нің IT саласындағы жетістігін қайталай алады - сарапшы -
«Астана Операда» «Коппелия» күлдіргі балетінің премьерасы өтті -
Қазақстан мен БАӘ авиациялық келіссөздер жүргізді -
«Астана Опера» Ресейде «Жібек саты» опера-фарсын ұсынды -
«Астана» халықаралық қаржылық орталығы Алматы облысына инвестиция тартады -
Лондонда «Астана Балет» театрының гастролі аяқталды -
Елбасы «Астана» Халықаралық қаржы орталығында болды -
Араб елдері Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі -
Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын ілгерілету үшін нақты тапсырма берді -
Елбасының Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары