- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтауда ҚР ӘТК-нің әскери қызметкерлеріне Жеңіс Вымпелі табысталды (ФОТО)
Ақтауда ҚР ӘТК-нің әскери қызметкерлеріне Жеңіс Вымпелі табысталды (ФОТО)
Эстафетаны қабылдау құрметті миссиясын Әскери-теңіз базасы миналы-тралды кемесінің командирі аға лейтенант Мұрат Баймұханов орындады. Каспий теңізінің жағалауында өткен салтанатты шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ақтау гарнизонының жеке құрамы, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
«Әскери теңізшілерге Жеңіс үшін жанын берген батырларды еске алу қасиетті борыш. Олардың ерлігі ұрпақтар үшін әрқашан үлгі болып қала бермек», - деді Ақтау гарнизоны бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник М. Әбіров.
Ведомсвтодан атап өткендей, Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен өткізіліп отырған «Жеңіске құрмет» марафон-акциясы майдан даласында бостандық үшін күрескен батырларға құрметіміз бен алғысымызды білдіреді және еліміздің өскелең ұрпағының патриоттық тәрбиесін нығайтуға қызмет етеді.
Естеріңізге сала кетейік, акция өткен жылдың 30 желтоқсанында Астанада басталған болатын. Осы уақыт аралығында Жеңіс вымпелі ҚР Қарулы Күштерінің бірнеше гарнизонын аралап өтті. 5 қаңтар – Қарағандыда, 6 қаңтар – Семейде, 9 қаңтар – Отарда болды. Ертең эстафетаны Алматы қабылдап алады. 15 қаңтарда Жеңіс вымпелі Астанаға оралып, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілеріне табыс етіледі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары