Петропавлда «Түрлі – түрлі» конкурсы болып өтті

1 Қазан, 2013 09:58
Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Түрлі-түрлі» облыстық конкурсы болып өтті, деп СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстың мәдениет басқармасы мен ұлттық өнер орталығы 1999 жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап «Жақсылық пен түсінушілікке жол ашық» деген шараны өткізіп тұрады.

Ағымдағы жылы аталмыш шара 15-ші рет ұйымдастырылып отыр.

Шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамның белсенді мүшесі болуға тарту. Обыстың әр ауданынан жиналған қатысушылар «Үздік орындаушы», «Үздік өнерпаз», «Үздік би»  номинациялары бойынша бақ сынасты.

Сонымен қатар, ең үздік суреттердің көрмесі болды. «Жақсылық пен түсінушілікке жол ашық»  облыстық конкурстың жеңімпаздары республикалық «Түрлі-түрлі» сайысына қатысуға жолдама алады. Аталмыш шараны ұйымдастырушысы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қорытындылай келе, әділқазылар алқасы «Үздік өнерпаз» номинациясын Елена Шаламоваға берді. «Үздік би» номинациясын «Пульс» ансамблі иеленсе, «Үздік орындаушыны» ағайынды Латошенко дуэті қоржынға салды.

Барлық жаңалықтар