ШҚО Зайсан ауданынан «ЖҚЖК-2020» бағдарламасына 850 адам қатысты

13 Қаңтар, 2015 09:01
2014 жылы ШҚО Зайсан ауданынан «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына 850 адам қатысты, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

2014 жылы ШҚО «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамту үшін республикалық бюджеттен 393,6 мың теңге бөлінді.

Хабарламада айтылғандай, несиелік серіктестік арқылы шағын несие алу үшін 566 млн 500 мың теңгенің 182 жобасына 206 адам өтініш берді. 81 адам 192 млн теңгеге қарыз ақша алды. «Ауыл шаруашылығына қаржылық қолдау көрсету қоры» АҚ арқылы 40 млн теңге бөлініп, 40 адамның шағын несие алуына өтініш берілді. Тағы 273 адам кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытылды.

Сонымен қатар 15 адам біліктілік арттыруға жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 50 адам тартылып, 18 адам жастар тағылымдамасына жөнелтілді. 30 адам қайта оқытылды. Осының барлығы жұмыспен қамтамасыз етілді. 

Барлық жаңалықтар