- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО әкімдігі балабақша мәселесін шешу үшін кәсіпкерлермен серіктестікті күшейтпек
ШҚО әкімдігі балабақша мәселесін шешу үшін кәсіпкерлермен серіктестікті күшейтпек
Қазіргі уақытта аймақта екі концессиялық жоба жүзеге асырылуда. Ол бойынша Өскемен қаласында құны 4,1 млрд. теңгені құрайтын жиынтығы 1640 орындық 6 балабақша мен Семей қаласында құны 2,6 млрд. теңгені құрайтын барлығы 1290 орындық 5 балабақшаның құрылысы басталған. Балабақшалар салынатын орындардың әрқайсысына инженерлік коммуникациялар жүргізілген.
Өңірдегі мәселені шешу мақсатында әкімдік мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестікке серпін бермек. Аталмыш мәселе төңірегінде облыстық бюджетте құрылысқа құйылатын инвестициялық қаржы көлемі қаралуда.
Осы орайда, 2015 жылы балабақшалардың құрылысын кәсіпкерлердің үздік жобаларын іріктеу арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жобалар ВТО схемасы (құрылыс тапсыру пайдалану) арқылы іске асырылады. Ол бойынша балабақша құрылысының аяқталар тұсында кәсіпкер нысанды мемлекет меншігіне тапсырады. Артынша балабақша кәсіпкерге 19 жылға пайдалануға беріледі. Қос тарапқа тиімді серіктестік шеңберінде балабақша иесі төленетін ата-аналық жарна арқылы бүлдіршіндердің тамақтануын қамтамасыз етіп, жеке табысы үшін балабақшаның негізгі бағдары аясында ақылы үйірмелер, секциялар мен өзге де шараларды өткізе алады.
Облыста 231 мектепке дейінгі мекеме бар. Десе де, аймақтағы аталмыш мекемелердің жетіспеушілігі балабақшаға арналған ғимараттардың аздығы мен туу көрсеткішінің өсімі себебінен туындаған. Облыстық әкімдіктің мәліметтеріне сәйкес, өңірде 7 жасқа дейінгі 24 мың бүлдіршін балабақшаға кезекте тұр.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады