• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысында жалпы құны 81,3 млрд теңгелік 92 мың мемлекеттік сатып алу жасалды

Қарағанды облысында жалпы құны 81,3 млрд теңгелік 92 мың мемлекеттік сатып алу жасалды

12 Қаңтар, 2015 18:04
2014 жылы Қарағанды облысында жалпы құны 81,3 млрд. теңгені құрайтын 92 мың мемлекетік сатып алу жүзеге асты, деп хабарлады әкімдік.

Өңірдегі сатып алулар, конкурстар, аукциондар, ашық тауар биржалары арқылы жүзеге асып отырған. Сатып алулардың 55,1% -ы конкурстар арқылы жүзеге асқан.

2015 жылы «Мемлекеттік сатып алулар» заңындағы өзгерістерге сәйкес, бұл сатып алулар біркелкі мемлекеттік сатып алулар мен активтер басқармасы арқылы жүзеге аспақшы.

Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алулар мен активтер басқармасы құны 15 млрд. 777 млн. теңгені құрайтын 99 конкурстың жоспарын жасап үлгерген. Алдағы уақытта конкурстар ашық түрде өтеді. Комиссия мүшелігінде экономика және қаржы басқармасы, аудан, қала әкімдіктері бар.

Ал, бақылаушы ретінде облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері, «НұрОтан» партиясы, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатыспақшы.

Барлық жаңалықтар