Астанада «жасыл» экономиканы оқытудың онлайн-курсы жасалды

1 Қазан, 2013 09:38
«Жасыл» экономика және G-Global дамуы» Коалициясы Азия-Тынық мұхиты аймағының Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының экология және қоршаған ортаны қорғау департаментімен бірігіп Қазақстанның көміртегі көрсеткішінің төмендеуінің дамуында «жасыл» саясаттың құралдары бойынша алғашқы ұлттық семинардың таныстырылуын өткізеді. Оған экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг бастаған аталмыш топтың әзірлеушілері қатысады.

Таныстырылымнан бөлек, онлайн курстың әзірлеушілер тобы курстың потенциалды мүшелеріне кіріспе семинарын өткізбек. Семинар жұмысына ЕЭК, АТМЭӘК, ОААЭО, «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» Ассосациясы мен бизнес және академиялық топтардың өкілдері қатысады. 

Семинар барысында алдыңғы қатарлы инновациялық тәсілдерді пайдаланатын «жасыл экономикаға» өтудің, «жасыл» экономика дамуының таптырмас саясаты болып табылатын «жасыл» экономика бойынша виртуалды оқыту курсы таныстырылады. Аталмыш семинар тақырыбында көміртегінің барынша аз таралуы, салықтық және бюджеттік жүйені «жасыл» реформалау, «жасыл» инфраструктура, бизнесті «көгалдандыру» мәселелері қарастырылады.

Курс бағдарламасы алты модульден тұрады. Әрқайсысының оқытылуына бір аптадан уақыт кетеді. Әр модуль аяқталғаннан кейін қатысушы тест тапсырады. Аталмыш сынақтан кемінде 80 пайызға дұрыс жауап беру керек.

Барлық жаңалықтар