ҚР-да 43,6 млрд теңгенің мүлкі жария етілді – ҚМ

12 Қаңтар, 2015 15:33
Қазақстан мүлік пен капиталды жария ету аясында Қазақстан Республикасы аумағындағы мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға 2015 жылдың 8 қаңтарындағы жағдай бойынша жалпы сомасы 43,6 млрд.теңге болатын 7 802 мүлік жария етілді, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі.

Министрліктің хабарлауынша, жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 124,9 млрд теңгенің мүлкін жария етуге 16 046 өтніш келіп түсті. Оның ішінде сомасы 91,8 млрд теңге болатын 12 797 тұрғын үй нысаны, сомасы 31,7 млрд теңге 7 406 тұрғын үй емес нысаны, оның ішінде 18,4 млрд теңгенің коммерциялық нысанын, сомасы 0,7 млрд. теңге заңды тұлғалардың 13 қатысу үлесі; сомасы 0,8 млрд теңге құнды қағаздар бар.

ҚР тысқары жердегі мүлікті жария етуге арналған өтініштер салық органдарына 2015 жылғы 8 қаңтардағы жағдай бойынша сомасы 421 теңге 1 өтініш келіп түсті.

Ведомсвтодан атап өткендей, мүлікті жария етуге арналған өтініштер саны бойынша бұрынғыдай Алматы облысы мен Алматы алда келе жатыр (5665 және 3359).

ҚР ҰБ есебінің деректеріне сәйкес, екінші деңгейлі банктер тарапынан 6 қаңтар күнгі жағдай бойынша жалпы сомасы 9,6 млрд.теңге ақшаны жария етуге 51 жинақтаушы шот ашылды, оның ішінде бюджетке 338,0 млн.теңге ақшаны жария ету үшін алым төлей отырып, жинақтаушы шоттардан 3,1 млрд.теңге алынды. ҚР экономикасына 2,9  млрд теңге инвестицияланды.

Естеріңізге сала кетейік, мүлік пен қаржыны заңдастыру Қазақстанда 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғаспақшы. Алдын-ала есептеулер бойынша, жалпы сомасы 10-12 млрд долларына дейін құрайтын мүлікті заңдастыру қарастырылған.

Барлық жаңалықтар