- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ШОБ субъектілерін тексеру 67%-ға төмендеді
Қазақстанда ШОБ субъектілерін тексеру 67%-ға төмендеді
Бұл ретте жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексерулердің саны 142 мыңға немесе 82%-ға (173 082-ден 30807-ге дейін), оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулер 136 мыңға немесе 86%-ға (158915-тен 22050-ге дейін) төмендеді.
Бас прокуратура атап өткендей, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге қойылған мораторий күшіне енген күннен бастап мораторий шарттарының жаппай бұзылуы туралы дабылдар келіп түскен жоқ. Бақылаушы органдардың аумақтық бөлімшелері тарапынан бұзушылықтың 5 фактісі тіркелген, олар бойынша прокуратура органдары прокурорлық қадағалау шараларын қабылдады.
Келісілген тексерулердің саны мемлекеттік органдар бойынша келесідей: салық органдарымен – 75, санитарлық-эпидемиялық қадағалау органдарымен – 13, прокуратура органдарымен – 8, медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау органдарымен – 3, кедендік бақылау органдарымен – 1, Индустрия және туризм комитетімен 1 тексеру келісілген.
Осыған орай кәсіпкерлердің мораторийді тиісінше қабылдауын бағалау үшін Бас прокуратура 2014 жылғы мамырда мемлекет тарапынан қабылданатын қолдау шараларының әсерін бағалау индикаторларын жасау және ендіруге бастамашылық жасаған болатын.
Мүдделі мемлекеттік органдары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бас прокуратураның қатысуымен жарияланған мораторий әсерінің индикаторларының жобасын әзірледі. Қазіргі кезде мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдар аталған индикаторлар бойынша тиісті талдау жүргізуде.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша