• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда Ресей мен Беларусьтен автокөлік тасудың жаңа ережесі күшіне енді

Қазақстанда Ресей мен Беларусьтен автокөлік тасудың жаңа ережесі күшіне енді

12 Қаңтар, 2015 14:34
1 қаңтардан бастап Қазақстанда ЕАЭО елдері аумағынан – Ресей мен Беларусьтен автокөлік тасудың жаңа ережесі күшіне енді, деп хабарлайды Астана қалалық мемлекеттік кіріс департаменті.

«Кәсіпкерлік мақсатынсыз жеке тұлғалар тарапынан көлік құралдарын тасымалдау кезінде ҚҚС мен акциз салынбайды. Тиісінше, Салық кодексінің 68 бабы 7 тармағына сай, ҚҚС мен акциз бойынша салықтық есеп беру міндеті жүктелмейді», - делінген хабарламада.  

Департаменттің хабарлауынша, аталмыш салықтық қамтамасыз ету тек өзінің жеке бас пайдалануы үшін көлік әкелген жағдайда ғана күшінде болады. Ал көлікті алып келгеннен кейін қайта сату мақсаты болса, жанама салықтар міндеттеледі. Мұнда тағы жеке табыс салығын төлеуді қажет ететін мүлік салығын төлеу қажеттілігі туындауы мүмкін.

Сонымен қатар егер автокөлік иесі көлікті 2014 сатып алып қойғанымен, 2015 жылдың 1 қаңтарынан кейін алып келген болса, салық төлемейді, тиісінше бұрынғыдай салық жауапкершілігін мойнына алмайды. Осы орайда дәлел үшін мемлекеттік шекараны өткендігі туралы талонды көрсете алады.  

Барлық жаңалықтар