«Жасыл» экономиканы электронды оқытудың онлайн курсы

2 Қазан, 2013 09:33
Астанада 2 қазанда «жасыл» экономиканы электронды оқытудың онлайн курсы таныстырылымы өтеді.

«Жасыл» экономика және G-Global дамуы» Коалициясы Азия-Тынық мұхиты аймағының Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының экология және қоршаған ортаны қорғау департаментімен бірігіп Қазақстанның көміртегі көрсеткішінің төмендеуінің  дамуында «жасыл» саясаттың құралдары бойынша алғашқы ұлттық семинардың таныстырылуын өткізеді. Оған экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг бастаған аталмыш топтың әзірлеушілері қатысады.

Таныстырылымнан бөлек, онлайн курстың әзірлеушілер тобы курстың потенциалды мүшелеріне кіріспе семинарын өткізбек. Семинар жұмысына ЕЭК, АТМЭӘК, ОААЭО, «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» Ассосациясы мен бизнес және академиялық топтардың өкілдері қатысады.

 

Барлық жаңалықтар