- Басты
- Жаңалықтар
- Фирдоусидің «Шаһнамасының» музыкалық антологиясы Ұлттық музейге берілді (ФОТО)
Фирдоусидің «Шаһнамасының» музыкалық антологиясы Ұлттық музейге берілді (ФОТО)
ҚР Ұлттық музейінің директоры «Республикалық «Казахстанская правда» газеті» АҚ Басқарма төрағасы Александр ТАРАКОВТЫ және басылым ұжымын газетттің 95 жылдық мерей тойымен құттықтады. Журналисттер еліміздің басты музейі туралы ақпарат пен өз сұрақтарына толық жауаптар алды.
«Таяуда «Ұлттық музейге сый» атты акция басталады. Бұл акцияның мақсаты Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне құнды тарихи артефакттарды еліміздің тұрғындарының тегін табыстауын ұйымдастыру. Біз бұл акцияны кеңінен жандандырып сыйға тартушылар туралы мәліметтерді жариялайтын боламыз. Біздің міндетіміз – түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, халықтың мәдени деңгейін көтеру», - деп мәлімдеді Дархан Мыңбай.
Оның айтуынша, қазақстандық отбасылардың арасында сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан жәдігерлердің тиісті деңгейде сақталмай жоғалып кетуі мүмкін. Уақыт өткен сайын барлық материалдар өзгеріске түсіп бүлініп жатады. Ал, Ұлттық музейде оларды сақтауға және көрсетуге барлық жағдайлар жасалған.
Газеттің Қызылордадағы меншікті тілшісі Юрий ЛИ Ұлттық музейге облыстың әкімшілігі атынан белгілі жырау Тұрмағамбет Ізтілеуовтың 1936 жылы қазақ тіліне аударған Фирдоусидің «Шаһнамасының» музыкалық антологиясын сыйға әкелді. HD нұсқадағы 48 дискіден тұратын ұзақтығы 68 сағаттық дастанның аудио нұсқасын жасау үшін 22 жырау еңбек еткен.
Айта кетерлік жайт, музейде жалпы саны 160 888 экспонат бар. Олардың ішінен 12 847 экспонат музей залдарына қойылған. 148 041 экспонат музейдің қорсақтамаларында сақтаулы. 39 400 экспонат - уақытша сақталатын экспонат.
Ұлттық музей ашылған 2014 жылдың 2 шідесінен 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейін музейге 124618 адам келді, олардың арасында Австралия, Австрия, Ұлыбритания, Испания, ҚХР, Италия, БАӘ, Ресей сынды және т.б. 32 шетелдері де бар. 3596 экскурсия жүргізілді. Музейде 12 экскурсия жетекшілері жұмыс жасайды. Экскурция 4 тілде жүргізіледі (қазақ, орыс, ағылшын, қытай).
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды -
Е.Салтыбаев: Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы - уақытылы жасалған қадам