• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада денсаулық сақтау саласына инновациялық технологиялар енгізілуде

Астанада денсаулық сақтау саласына инновациялық технологиялар енгізілуде

12 Қаңтар, 2015 14:04
Астананың қалалық ауруханасында денсаулық сақтау саласына инновациялық технологиялар енгізілуде, деп хабарлады қаланың денсаулық сақтау басқармасы.

Жеделкорпоралды жарғақша оксигенация (ЖКЖО) – ол жоғары технологиялы және тиімді әдіс болып табылады. Ол жүрек тамыр ауруларына, жүрек кемістігіне шалдыққан жандарды емдеуде таптырмас құрал. Ол қолдан уақытша науқастардың өміріне қолдау көрсету арқылы ота жасау барысында үлкен көмек береді. №2 қалалық аурухананың жоғары білікті мамандары аталмыш әдісті жүрек-тамырлары ауруларын емдеуде одан ары пайдалануды жоспарлауда.

Басқармадан атап өткендей, тың әдіс созылмалы жүрек ауруына шалдыққан науқастарды аман алып қалуға мүмкіндік береді. ЖКЖО симптоматикалық терапия болып табылады

Аталмыш әдіс іс жүзінде бір адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Егер аталмыш аппарат оған қолданылмағанда науқас жарық дүниемен қоштасар еді. 

Барлық жаңалықтар