• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылорда облысында 286 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді

Қызылорда облысында 286 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді

12 Қаңтар, 2015 11:33
Қызылорда облысында өткен жылы тұрғын үй құрылысы 5 пайызға өсті, деп хабарлады әкімдіктен.

«2014 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында 253 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал, алдын ала болжам бойынша жалпы жыл бойы  286 мың шаршы метрден астам  тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 5,9 пайызға өскен», - дейді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова. 

Айта кетерлік жайт, өткен жылы қызылордалықтардың орташа айлық жалақылары 7 пайызға өскен.

Барлық жаңалықтар