• Басты
  • Қазақстанда 2014 жылы электр энергияны тұтыну көлемі 2,2%-ға артты
12 Қаңтар, 2015 10:17

Қазақстанда 2014 жылы электр энергияны тұтыну көлемі 2,2%-ға артты

Жедел деректер бойынша 2014 жылы Қазақстанда өндірілген электр энергиясы 93918,5 млн.кВт.сағ. құрады, бұл 2014 жылғы осындай көрсеткіштен (91972,7 млн.кВтсағ.) 1945,8 млн.кВтсағ. немесе 2,1 %-ға жоғары, деп хабарлады «KEGOC» АҚ.
Қазақстанда 2014 жылы электр энергияны тұтыну көлемі 2,2%-ға артты | Strategy2050.kz

«Қазақстан БЭЖ бойынша қуатты пайдаланудың ең жоғары көрсеткіші 2014ж. 28 қарашада сағат 19:00-де тіркелді және ол 13 586 МВт құраған. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен (27 желтоқсан 2013ж., 19:00 сағат) салыстырғанда 487 МВт немесе 3,7%-ға артқаны байқалады.  Елімізде электр тұтыну көрсеткіші 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 1991,7 млн.кВтсағ. немесе 2,2%-ға артты және 91632,5 млн.кВтсағ. құрап отыр. Тұтыну көлемі Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Батыс аймағында 700,5 млн.кВтсағ. (6,8%), Оңтүстікте 1227,9 млн.кВтсағ. (6,6%) және Солтүстік аймағында 63,3 млн.кВтсағ. (0,1%) артты», - делінген хабарламада.  

Сонымен қатар, Қазақстанның оңтүстігіндегі электр энергиясына деген артып келе жатқан сұранысты қамтамасыз ету, сонымен қатар ҚР БЭЖ қызметінің сенімділігін арттыру мақсатында, «KEGOC» АҚ 2014 жылы ұзындығы 1500 км астам 500кВ «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзиті жобасын іске асыруға кіріскенін атап өткен жөн.

Соңғы 5 жыл ішінде республикада жиынтық қуаты 1800 МВт болатын өндіру қондырғылары жаңғыртылды, қайта қалпына келтірілді және пайдалануға берілді. Ұлттық маңызы бар блокты электр станцияларының  энергетикалық блоктарындағы авариялық ажыратулар саны айтарлықтай азайды. 2010 жылы Екібастұз МАЭС-1, Екібастұз МАЭС-2 және «ЕЭК» АҚ электр станциясында 120 авариялық ажыратулар тіркелді, 2014 жылы бұл көрсеткіш екі есеге азайып, 66 авариялық оқиға анықталған.  

 «KEGOC»АҚ-да атап өткендей, жоғарыда аталған деректер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы Қаулысымен қабылданған энергия өндіруші мекемелер үшін 2015 жылды қоса алғанға дейінгі кезеңге жыл сайын арттыра отырып,  электр энергиясының шекті тарифін бекіту туралы шешімнің тиімділігін дәлелдеп отыр. Бұл шешім электр энергиясы бағасының бақылаудан тыс  өсуін болдымауды және өндіру саласына инвестиция тартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шара болып табылды. «Инвестицияға тариф айырбастау» саясатын қолдану нәтижесінде энергия өндіруші ұйымдар өздерінің өндіру қондырғыларын қайта құру және жаңғырту үшін ақшалай қаражатқа қол жеткізді, бұл еліміздегі электр энергиясына деген артып келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осылайша, энергия өндіруші ұйымдарға босатылатын электр энергиясына баға белгілеу мәселелері ҚР Үкіметінің бақылауында және бұрын 2015 жылға бекітілген шекті тарифтерге қарағанда ағымдағы жылы баға өсімі болмайды деп күтілуде.  

Айта кетерлік жайт,  «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік  операторы  міндеттерін атқарады. Компания балансында Ұлттық электр торабын құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мың км электр жеткізу желілері мен трансформаторларының белгіленген қуаты 36,38 ГВА болатын  77 электр қосалқы станциясы бар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды