Павлодарда студенттер бизнеске жұмылдырылуда

12 Қаңтар, 2015 09:48
Павлодар қаласының екі колледжінде бір ай бойы облыстық Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен студенттер үшін кәсіпкерлік негіздері бойынша тренингтер өтеді, деп хабарлады ҰКП баспасөз қызметі.

Аймақтың жас кәсіпкерлері, оқу орындарының әлеуметтік серіктестері бизнес ойындар, тренингтер мен семинарлар өткізеді. Оның қорытындысы бойынша студенттер бірқатар номинациялар бойынша бизнес идеяларын қорғайтын болады.

Басты мақсат жастарды кәсіпкерлік негізіне үйрету, студенттерді бизнеске баулу  және аймақтың жас кәсіпкерлерінің жетістікке жету жолымен таныстыру. Сонымен қатар, студенттер бизнес идеясын ойластырып қана қоймай, оны одан ары жүзеге асыру жоспарын жасақтайды.

«Мұндай шаралар студенттерге өздерін кәсіпкер ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде болашақта кәсіби оқудан өтуіне жағдай жасайды және олардың өз кәсібін ашуда айтарлықтай көмектеседі», - деді облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бақытжан Ілиясова.

Барлық жаңалықтар