• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылордада 600-ден астам көпқабатты үйлер ТКШ жаңғырту бағдарламасы арқылы жаңартылатын болады

Қызылордада 600-ден астам көпқабатты үйлер ТКШ жаңғырту бағдарламасы арқылы жаңартылатын болады

12 Қаңтар, 2015 09:32
«Қызылордадағы барлық көп қабатты тұрғын үйлердің ғимараттары алдағы 5 жылда толық күрделі жөндеуден өтеді», деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Қалада барлығы 600-ден астам көпқабатты тұрғын үйлер бар, тұрғын үй-коммуналдық жаңғырту бағдарламасы арқылы жаңартылатын болады. Жөндеу жұмыстары 2014 жылдан басталып, көп бөлігі шамамен 70-тей тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстары аяқталды, ағымдағы жылға 50 үйді жөндеу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар 2020 жылға дейін жалғасып, барлық жұмыстар аталған жылдың аяғына дейін бітеді деп жоспарлануда», - дейді облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Сейілхан Тойбазаров.

Сонымен қатар, Сырдарияның сол жағалауынан орын тепкен мөлтек ауданда жаңа  тұрғын үйлер тұрғызылатын болады. 

«Сырдарияның сол жағалауынының бас жоспарына сәйкес жағалаудың 1532 гектар жеріне биік ғимараттар, сәнді екі қабатты коттедждер, әлеуметтік нысандар, саябақтар орнласады. Сонымен қатар,  жағалауда жеке сектордағы үйлер мүлдем болмайды, - дейді басқарма басшысы.

Барлық жаңалықтар