• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бірегей идеялар мен TEDx технологиялары конференциясы Астанада алғаш рет 2015 жылдың наурызында өткізіледі

Бірегей идеялар мен TEDx технологиялары конференциясы Астанада алғаш рет 2015 жылдың наурызында өткізіледі

12 Қаңтар, 2015 09:16
Іс-тәжірибеде жаңашылдық идеялар мен бірегей технологиялық әзірлемелерді қолдануға арналған TED (Technology, Entertainment, Design) форматындағы конференция алғаш рет Астанада өтеді, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.

«TEDx миссиясы — лайықты идеяларлы тарату. Біздің міндетіміз - ағарту. Біз бірегей тәжірибе мен адамдарға жаңа білімдер, идеялар, шабыт пен басқа да перспективалар алуға мүмкіндік жасаймыз», - деп атап өтті TEDxAstana тәлімгері Лариса Пак.

Аталып өткендей, TEDxAstana алғашқы конференциясы «How Big is Big» немесе «Үлкен қалай «үлкенге» айналады тақырыбына арналады. Қазір ұйымдастырушылар нақты ғылымдар, әлеуметтік зерттеулер, архитектура, өнер, экономика және басқа да салаларда идеялар іздестіріп жүр. 

Айта кетерлік жайт, TEDx конференциясы Орталық Азияда алғаш рет 2010 жылы Алматыда өткізіліп, әлемде алғаш рет тәуелсіз ұйымдастырылған конференциялардың бірі болды. Содан бері түрлі тақырыптарда төрт TEDxAlmaty ұйымдастырылған. 

TEDx – әр түрлі елдердегі «таратуға лайықты идеяларға» бағытталған TED — Technology, Entertainment, Design форматында өткзілетін жергілікті конференциялар бағдарламасы. 

Барлық жаңалықтар