- Басты
- Жаңалықтар
- Ақордада ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті
Ақордада ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті
Комиссия отырысын ашқан Мемлекеттік хатшы М.Тәжин сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес «Қазақстан – 2050» Стратегиясында көрініс тапқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын іске асырудың маңызды шарты болып табылатынын атап өтті.
Отырыс барысында атап өтілгендей, сот органдары жұмысының сапасы құқықтық тәртіп жағдайының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады, ал сот шешімдерінің заңгерлік мінсіздігі мен әділеттілігі азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тиімділігін айқындайды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында сот жүйесін одан әрі жетілдіруге ерекше назар аударды.
Сот қызметінің айқындылығын, судьялардың кәсіби жоғары деңгейі мен жауапкершілігін қамтамасыз ету басымдығы бар міндет болып қалуда.
Сондай-ақ, Комиссия Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өңірлік жоспарларын іске асыру жөніндегі жұмыс қорытындыларын қарады.
Жергілікті атқарушы органдардың назары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша неғұрлым пәрменді шаралар қабылдау қажеттігіне, бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауға, басқарушылық шешімдерді қабылдау процесінің барынша айқындылығын қамтамасыз етуге және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды арттыруға бағытталды.
Отырыс барысында Жоғарғы Сот төрағасы Б.Бекназаровтың, Жамбыл облысының әкімі Қ.Бозымбаевтың және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаевтың, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Р.Түсіпбековтің, Бас прокурор А.Дауылбаевтың, Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы А. Мусиннің есептері тыңдалды.
Отырыс қорытындысында Комиссия мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындау жөнінде бірқатар тапсырмалар мен ұсыныстар берді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері