- Басты
- Жаңалықтар
- Әскери ұшқыштар Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дайындалуда
Әскери ұшқыштар Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дайындалуда
«Қазіргі уақытта өнер көрсету жоспары әзірленуде, бұл барлық соғыс ардагерлері үшін өзгеше сыйлық, сондай-ақ қазақстандық әскери ұшқыштар жауынгерлік әзірлігінің көрсеткіші болады. Әскери қызметшілер мерейтойлық күннің құрметіне аспанда ұшақтармен «70» санының бейнесін түзеп ұшу идеясын ұсынды. Бұдан бөлек, ұшқыштар жоғары пилотаждың түрлі фигураларын орындайтын болады. Солардың бірі – атақты «Нестеров тұзағы» », - делінген хабарламада.
«Бір ұшақпен осы фигураны орындау аса күрделі емес, алайда оны топ құрамында жасау барынша білімді, шеберлік пен тәжірибені қажет етеді. Өйткені бірнеше ұшақ бірлесіп бірдей қозғалуы тиіс. Сондықтан да ұшқыштар топ құрамындағы ұшуларға кірісердің алдында теориялық және практикалық дайындық курсынан өтеді», - деп әңгімелейді майдан авиациясының ұшқышы подполковник Нұрлан Оразов.
2007 жылдан бері ол іс жүзінде барлық әскерлер парадтарына қатысып келеді.
Айтакетерлік жайт, қазіргі уақытта ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің сапында Су-25, Су-27, МиГ-23, МиГ-27, МиГ-29, МиГ-31 сияқты қуатты жауынгерлік ұшақтар бар. Ал бұл қуатты жауынгерлік машиналарды қатары жыл сайын екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының түлектерімен толығып отыратын тәжірибелі ұшқыштар басқарады.
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады -
COVID-19: Ұлыбритания, Чехия және Польша шектеу шараларын жеңілдетті, ал Болгарияда ТЖ режимі ұзартылмақ -
Ұлы Отан соғысы ардагерлерiн әлеуметтiк қолдау шаралары -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Рамазан айы: құлшылық ету тәртібі, мешіттердегі санитарлық талаптар, халал вакцина, Қадір түні