- Басты
- Жаңалықтар
- «ЭКСПО-2017» шарасының Астанада өтуі тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл ислам әлемінің жеңісі
«ЭКСПО-2017» шарасының Астанада өтуі тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл ислам әлемінің жеңісі
Компаниядан атап өткендей, көрме туын қабылдап алған белгілі қоғам қайраткері, меценат, саяхатшы Сапар Ысқақұлы Джидда қаласында арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.
«ЭКСПО-2017» шарасының Астанада өтуі тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл ислам әлемінің жеңісі деп қарауымыз керек. Өйткені, өнеркәсіп саласындағы мұндай ауқымды шара мұсылман елдері арасында ең алғашқы рет Астанада жалауын көтермек»,–деді Ислам ынтымақтастығы ұйымы төрағасының орынбасары Хамид Опелоюри.
Айта кетейік, аталмыш ұйымның бас кеңсесі дәл осы Сауд Арабиясы Корольдігінде орналасқан. Жиынға қатысқан жергілікті журналистер мен бизнес қауымдастығының өкілдері ЭКСПО-2017 көрмесіне зор ынта білдіріп отыр. Біріншіден, мұнайлы елдің өкілдерін болашақтың энергетикасы тақырыбы қызықтырса, екіншіден Қазақстан тарапының бұл шараға қалай дайындалып жатқандығы туралы көптеген сауалдар қойды.
Сонымен қатар, Оман сұлтандығында да келелі жиын өтіп, ЭКСПО-2017 шарасы кең талқылауға түсті. ЭКСПО-2017 насихатын әлем жұртшылығына кеңінен тарату мақсатында Сапар Ысқақұлы жақын күндері Үндістан астанасына барып, 1 жарым миллиард халқы бар мемлекеттің беделді бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат бермек.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Қ.Көшербаев: Қаныш Сәтбаев халқына қызмет етуді бір сәтке болсын тоқтатқан емес -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
Дәрігер: «Пандемияда науқасқа психологиялық қолдау көрсету де оңай емес» -
Е.Өстеміров: Тексерулерге енгізілген мораторий жемқорлық қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы