- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада тіркелген заңды тұлғалар саны 2,1%-ға артты.
Астанада тіркелген заңды тұлғалар саны 2,1%-ға артты.
«2014 жылдың IV тоқсанында бастапқы тіркеуден өткен заңды тұлғалардың саны 1718 бірлікті құрайды, олардың негізгі саны «Алматы» (54,7%) және «Сарыарқа» (27,8%) аудандарында шоғырланған. «Есіл» ауданының үлес салмағы 17,5%-ды құрайды», - делінген хабарламада.
Тіркеу барысында кәсіпорындар жоспарлаған қызметкерлер санына сәйкес, барлық жаңа құрылған заңды тұлғалардың 1680-і - шағын, 29-ы - орта, 9 - ірі кәсіпорын ретінде тіркелген. Ағымдағы жылдың IV тоқсанында тіркелген шағын кәсіпорындар саны өткен жылдың сәйкес кезеңінде тіркелген шағын кәсіпорындармен салыстырғанда, 11,6%-ға өскені, дәл сол кезеңде тіркелген орта кәсіпорындардың 14 бірлікке және ірі кәсіпорындар 8 бірлікке өскені байқалады.
Департаменттің мәліметі бойынша жаңа кәсіпорындардың көпшілігі құрылыс (27%) және сауда (22%) салаларында шоғырланған. Өзге де қызметтерге 17%-ы; ғылым және техникалық қызметтерге 6%-ы; өнеркәсіпке 5%-ы тиесілі. Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметке; ақпарат пен байланыс қызметіне орташа 4%-дан келеді. Көлік және қоймалауға; білім беру және денсаулық сақтауға 3%-дан, тұру және тамақтануға; жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға; қаржы және сақтандыру қызметіне орташа есеппен 2%-дан келеді. Ауыл шаруашылығына; өнер, ойын-сауық және демалыс қызметтеріне; мемлекеттік басқармаларға орташа есеппен 1%-ы тиесілі.
Жаңа заңды тұлғалардың 94,9%-ы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (одан әрі - ЖШС) болып тіркелген. ЖШС-нің ағымдағы жылдың басындағы жалпы санымен салыстырғанда олардың үлесі 13,7 пайыздық тармаққа артқан. Сонымен қатар, ағымдағы кезеңде тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдардың 2,1%-ын қоғамдық бірлестіктер мен қорлар; 1,7%-ын мекемелер; 0,6%-ын заңды тұлғалар бірлестігі; 0,5%-ын тұтыну кооперативтері; 0,2%-ын мемлекеттік кәсіпорындар құрайды.
Бұдан басқа, 2014 жылдың IV тоқсанында тіркелген заңды тұлғалар басшыларының арасында ерлердің үлесі 67,5%-ды, әйелдер - 32,5%-ды құрады. Ағымдағы жылдың басына заңды тұлғалар басшыларының жалпы санында ерлердің үлесі 73,8%-ды, әйелдер - 26,2%-ды құрады.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Елордада КВИ жұқтырғандар саны 2,4 есе артқан -
Эпиджағдай: КВИ жұқтырғандар саны 1,4 есе артқан