- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Инвестициялар және даму министрі Маңғыстау облысының бірқатар нысандарын аралады (ФОТОРЕПОРТАЖ)
ҚР Инвестициялар және даму министрі Маңғыстау облысының бірқатар нысандарын аралады (ФОТОРЕПОРТАЖ)
«Ведомсвто басшысы аралаған нысандардың ішінде 2014 жылдың желтоқсанында «Ақтау теңіз порты» АЭА-ында ашылған «КИС-Ақтау» ЖШС индустриалдық құрылыс комбинаты бар. Жаңа комбинат жаңа технологияны пайдаланып темірбетон бұйымдарын және тұрғын үй құрылысына қажетті элементтерді шығарады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Ә.Исекешев индустрияландыру бағдарламасына қатысатын «ҚазАзот» ЖШС өндірісін қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстарының нәтижесімен танысты. Кәсіпорынның жабдықтары қалпына келтіріліп, жаңғыртылған соң аммиак селитрасын түйіршектеудің жаңа технологиясы енгізілді. Нәтижесінде зауыт қуаттылығы 50%-ға артты. Жоба құны 5,6 млрд. теңгені құрады.
ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев осы жерде кеңес өткізіп, оның барысында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Рақымбек Әміржанов үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу нәтижелері, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының және өңірдегі туристік кластердің дамуы туралы баяндады.
«Ақтау теңіз порты» АЭА құрылған сәтінен бастап шамамен 30 млрд. теңге қаражат тартылды, 223 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бюджетке салық түрінде 19 млрд. теңгеден астам қаржы түсті. 1000-нан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады