- Басты
- Жаңалықтар
- Астана әкімі Білім беру басқармасына білім сапасын жақсартуды тапсырды (ФОТО)
Астана әкімі Білім беру басқармасына білім сапасын жақсартуды тапсырды (ФОТО)
Қала басшысы Оқушылар сарайында, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №64 «Асыл бөбек» балабақшасында, Юрий Гуров атындағы №6 гимназияда, Астана қаласының кәсіптік-техникалық колледжінде болды.
Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың маңызды бағыттарының бірі халықтың барлық топтарын біліммен қамту болып табылады. Нұрсұлтан Назарбаев үш ауысымдық оқуды жою, мектепке дейінгі мекемелерде кезек мәселесін шешу, сонымен қатар, кәсіптік-техникалық білім жүйесін дамыту міндеттерін алға қойды.
Әкімдіктен атап өткендей, 2011 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен салынды. Қазіргі кезде онда 9 мыңнан астам баланы қамтитын 109 үйірме жұмыс істейді. Мұнда жас қазақстандықтардың шығармашылық және ғылым-білімдегі әлеуетін дамыту үшін балалар мен жасөспірімдерге арналған Ұлттық интерактивті парк ашылып, ғылым, техника, спорт және өнердің барлық бағыттары бойынша интерактивті стендтер мен экспонаттардың үлкен кешені ұсынылған. Оқушылар сарайының жанынан ашылған жастар театры еліміздегі маңдай алды театрларының бірі. Мұнда жұмысқа үздік жас әртістер мен режиссерлар тартылған. Парк Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына, оқушыларға ғылыми және мәдени құбылыстарға негізделген қызықты білім тәжірибесін ұсынады, сонымен қатар, қоғамның ғылымға, жаңа нәрселерді зерттеуге, спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға деген қызығушылығын арттырады.
Әділбек Жақсыбеков мекеме басшысына үйірмелердің және секциялардың қолжетімділігіне, балалардың демалыстарын қызықты өткізулеріне назар аударуды тапсырды, сондай-ақ ата-аналардың баланы секция мен үйірмелерге жазу кезінде ешқандай қиындықтарға тап болмауы тиіс екендігін атап өтті.
Бұдан басқа, Астана әкімі жаңа №64 балабақшада болып, арнайы жабдықталған медициналық кабинетте өткізілетін емдеу-оңалту және қалпына келтіру процедураларымен танысты. №64 мамандандырылған балабақша 2012 жылы ашылған, қазіргі кезде онда тірек-қимыл аппараты бұзылған 164 бала оқиды.
Мекемеде логопедтер мен дефектолог мамандығын меңгерген тәрбиешілермен қоса, педиатр, физиотерапевт, ортопед және т.б. кәсіпқой дәрігерлер де жұмыс істейді. Балабақшада музыкалық және спорт залдары, арнайы тренажер залы, сенсорлық бөлме, кинозал мен этнографиялық мұражай бар.
Білім мекемелерін аралау барысында елорда әкімі Кәсіптік-техникалық колледжде болды. Білім мекемесі 2009 жылы салынған, қазіргі кезде онда 261 студент оқып жүр. Колледж құрылыс және техникалық мамандарды даярлайды, мекеме базасында жалпы ауданы 1200 шаршы метрді құрайтын 24 оқу-өндірістік шеберхана жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Әділбек Жақсыбеков Юрий Гуров атындағы №6 гимназияда болды. Жалпы ауданы 7930,4 м2 құрайтын оқу орынында 1289 оқушы білім алады. Мұнда «Ақылды мектеп» жобасы аясында тұрақты бақылау жүргізіледі, 30 жуық бейнекамера орнатылған.
Көшпелі кеңес барысында Астана әкімі Білім басқармасына білім мекемелерінің инфрақұрылымын және білім беру сапасын жақсарту жөніндегі мәселелерді назарда ұстауды тапсырды. Әкім барлық білім беру мекемелерінде балаларды тамақтандырудың сапасына да назар аударды. Ә.Жақсыбеков балабақшаларда орындардың жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласында жұмыстарды күшейтуді, сондай-ақ, ағымдағы жылы орта мектептерде үш ауысымдық оқуды жоюды, осылайша, мектептердің шамадан тыс толық болуын жоюды тапсырды.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы