Астанада 2015 жылғы мерейтолық шаралардың көрмесі ашылды (ФОТО)

9 Қаңтар, 2015 18:01
2015 жылғы бірқатар мерейтойларды салтанатты жағдайда атап өту аясында Ұлттық академиялық кітапханада «Нұрлы жол - болашақтың жыры бол!» көрмесі ашылды, ол Қазақ хандығының 550 жылдығына, Жеңістің 70 жылдығына, ҚР Конституциясының 20 жылдығына, ҚХА 20 жылдығына арналған.

Көрме 4 бөлімнен тұрады және сөрелерге Ұлттық академиялық кітапхана қорындағы мерейтойлық тақырыптарды қамтитын кітаптар қойылған.

1 бөлім  – «Қазақ хандығына -  550 жыл». Мұнда 180-нен астам кітап пен мерзімді басылымдар ұсынылды.

2 бөлім – «Ұлы Жеңіске – 70 жыл». Бұл бөлімде әскери тақырыпқа қатысты кітаптардан бөлек, сұрапыл соғыста тылда еңбек еткен әрі Ұлы Отан Соғысына қатысқан ардагерлердің құрметіне арналған слайд-композиция берілді. Жалпы, 140-тан астам кітап пен  13 құжат қойылған.

Үшінші бөлімде – «ҚР Конституциясына – 20 жыл» - 90-нан астам кітап қойылды.

70-тен астам кітап төртінші бөлімге – «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жылға» қойылды. Бұдан басқа көрменің ашылу салтанатына орай кітапханаға ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің кітаптары сыйға берілді. 

Барлық жаңалықтар