- Басты
- Жаңалықтар
- Еуроаймақтың экономикасы бәсеңдеуде
Еуроаймақтың экономикасы бәсеңдеуде
«Markit сараптамалық компаниясы мен Корольдік сатып алу және жеткізу институтының іскерлік белсенділік индексі (PMI) желтоқсан айында 51,4 пунктке жетті, ол болжамнан төмен болғанымен қараша айындағы 51,1 деңгейінен жоғары. PMI индексі құрылыс саласы мен қызмет көрсету және өндіріс саласын сараптау нәтижесінде түзіледі», - делінген хабарламада.
2014 жылдың соңғы тоқсанында еуроаймақ экономикасының өсімі 0,1% құрады. Жалпы, сарапшылардың айтуынша, соңғы 18 айда еуроаймақтың экономикасы айтарлықтай болмаса да өсім көрсетті.
2014 жылдың басында еуроаймақ елдерінде инфляция деңгейі төмен болды, осы ретте тұтынушылар бағаның одан ары төмендеуін күтіп ірі сатып алулар мен инвестиция салуды кейінге қалдырды.
Дереккөзі хабарлағандай, мұнай бағасының төмендеуі жағдайды одан ары ушықтырып жіберді. Өткен жылдың тамыз айынан бастап Brent маркалы мұнай бағасы екі есе - 51,54 долларға дейін төмендеді. Сейсенбіде АҚШ-та WTI маркалы мұнайдың барреллі үшін баға 2009 жылдың сәуір айынан бері алғаш рет 50 доллардан да төмендеді.
Қарашада ейроаймақтағы инфляция деңгейі 0,3% құрады. Сарапшылар желтоқсан айының көрсеткіші алғаш рет 2009 жылдың қазанынан бергі жағымсыз көрсеткіш болуы мүмкін екендігін жоққа шығармады.
Дефляциядан қорыққан Еуропалық орталық банк (ЕОБ) несие бойынша пайыздық үстемақыны 0,05%-ға дейін төмендетті.
Сонымен қатар, ЕОБ Британияның, АҚШ пен Жапонияның орталық банктерінің жолымен жүруді дұрыс санап, еуроаймақтағы елдердің мемлекеттік қарыздарын сатып алудан бас тартты.
-
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Қазақстан экономикасының даму динамикасы -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
ҚР экономикасының дамуы: Экономикалық өсімді ынталандыру үшін қандай шаралар қабылданып жатыр -
Қазақстан экономикасын цифрландырудың жаңа міндеттері -
АХҚО-ның Қазақстан экономикасына инвестиция тартудағы рөлі -
Экономист: Ел экономикасының қайта қалпына келуі үшін шамамен 3-5 жыл керек -
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін ұлғаяды -
ҚР экономикасы: Экспорт, импорт, инвестиция және экономиканы қолдау шаралары -
Шымкент шаһарының дамуы: Қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 54,3%-ға артқан -
Қазақстан және әлем экономикасы: Пандемия салдарынан туындаған өзгерістер