• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Үндістанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береді – Тоқаев

Қазақстан Үндістанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береді – Тоқаев

9 Қаңтар, 2015 15:01
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Үндістанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Харш Кумар Джайнаны қабылдады, деп Сенаттан хабарлады.

Парламенттің жоғары палатасының басшысы атап өткендей, Қазақстан заманауи әлемде беделі бар Үндістанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән  береді. Спикердің пайымынша бұл ынтымақтастықтың әлеуеті зор, оны жүзеге асыруда екі жақтан күш салуымыз керек. Қ.Тоқаев баса айтқандай, екі елдің парламенттік байланысының өзіндік маңызы бар.

Ал, Үндістан елшісі, оның мемлекеті Қазақстанның негізгі халықаралық бастамаларын қолдайтынын, қазақ елімен байланысты одан ары нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Сенат спикері қонақты еліміздің «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саяси даму стратегиясымен таныстырып, үнді кәсіпкерлерін оны жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырды.

Сонымен қатар, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі хатшылығының басшысы ретінде Қ. Тоқаев Үндістан өкіліне Қазақстан Президентінің бастамасын көп жылдар бойы қолдап келгеніне алғыс білдірді. 

Барлық жаңалықтар