- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде шағын тракторларды шығару ісі қолға алынды
Ақтөбеде шағын тракторларды шығару ісі қолға алынды
«Компания «Уралец» шағын тракторларын шығарады. Бұл марканың нарықта жүргеніне 20 жыл уақытқа жуықтапты. Бұл өнімге деген сұраныс бар, фермерлер үшін оның бағасы да тиімді - 1 млн. теңгеге дейін ғана. Кәсіпорын жылына 500 «Уралец» пен өзге де техника шығаруды көздеп отыр», - делінген хабарламада.
Айта кетерлік жайт, жаңа жыл алдында өткен көрмеге қойылған алғашқы төрт трактор Алматы, Ақсай (БҚО), Ақтөбе және Алғаға сатылып жөнелтілді. Жалпы, өндірушілер өз өнімін еліміздің барлық аймақтарында саудаламақшы.
«Ресейлік әріптестер шағын трактор құрастыру үшін жиынтықтаушы бөлшектерді жеткізеді. Біздің техника агроөнеркәсіптік кешен, коммуналдық шаруашылық салалары және жол жөндеу жұмыстарына арналған, олар жұмыстың 50 түрін атқара алатын болады, - деді «Трактор» МТС» ЖШС директоры Сабыржан Бегімбаев.
ІСБ-дан атап өткендей, жоба облыс әкімдігі мен аймақтық Кәсіпкерлер палатасының үлкен қызығушылығын тудырды, сондықтан олар жобаны жүзеге асыруда барынша қолдау көрсетеміз деп уәде берді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
Балық шаруашылығын дамыту: Қолға алынған шаралар -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
«СҚ-Фармация»: Дәрі-дәрмек қоры, вакциналау және КВИ-мен күресте қолға алынған шаралар -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды