- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл «Бейнеу-Ақтау» бағытындағы автожолдың 100 шақырымын пайдалануға беру жоспарланып отыр
Биыл «Бейнеу-Ақтау» бағытындағы автожолдың 100 шақырымын пайдалануға беру жоспарланып отыр
Инвестиция және даму жөніндегі министрдің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбек пен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Әліпов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болды. Сапар барысында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Маңғыстау облысындағы филиалы, «Қазақавтожол» РМК, «Маңғыстаужоллаборатория» РММ және мердігер компания өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.
Жиында «Бейнеу-Ақтау» бағытындағы тас жолдың құрылысы талқыланды. Бұл - жалпы ұзындығы 470 шақырымды құрайтын, еліміздің орталығы мен батысын байланыстыратын «Орталық-Батыс» жобасы аясында салынып жатқан тас жол.
Жол құрылысына пайдаланылып жатқан материалдар түгелдей отандық өнім. Битум, қиыршық тас, цемент, бояу, темірбетон құрылымдары түгелдей Маңғытау ауданында шығарылады. Жиынға қатысқан мердігер компания өкілдері, облыс аумағында тұңғыш рет қазіргі заманғы озық технология – дорзин қолданылғанын атап өтті. Бұл – қиыршық тас пен асфальтбетон араласқан, цемент пен тұрақтандырғыш қосылған жолдың үстіңгі қабатын тез тозудан сақтайтын озық технологиямен салынған жамылғы.
Сондай ақ, мердігер компания басшыларының жол құрылысына және 2015 жылғы жоспарға байланысты есептері тыңдалды.
2015 жылы Жетібай-Жаңаөзен бағытындағы жалпы ұзындығы 73 шақырымды құрайтын автомобиль жолының құрылысын бастау жоспарланған.
Бұл жобалардың жүзеге асырылуы тек Маңғыстау облысының ғана емес, жалпы республиканың экономикасына тың серпін береді. Облыс арқылы өтетін халықаралық көлік қозғалысын арттырады, аймақтық ынтымақтастықты нығайтып, кәсіпкерлік, сауда және қызмет көрсету салаларының дамуына ықпал етеді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды