- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы Ақмола облысы мектептерін жөндеуге 83 млн теңге бөлінді
2015 жылы Ақмола облысы мектептерін жөндеуге 83 млн теңге бөлінді
«Ақмола облысы әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Первомай ауылдық округінің оқу орны 1966 жылдан бері пайдаланылып келеді. Ондағы оқушы саны 194. Облыс басшысының айтуынша, мектеп күрделі жөндеуді әбден қажет етеді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар облыс әкімі «Камышенка» ЖШС мал шаруашылығы кешенінің қызметімен танысты. 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін кәсіпорын 84,2 тонна ет пен 2 597 тонна сүт өндірді. Күн сайынғы сауын көлемі 3000 литрді құрайды. 2014 жылы 84 тонна ет өндірілді.
Шаруашылықта 2014 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша 1 416 бас ірі қара малы болды. Соның ішінде 607 бас сиыр, 13 жылқы. 2014 жылы «Камышенка» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында автожол, әлеуметтік сала нысандарын жөндеу мен халықтың әлеуметтік аз қамтылған санаттағы азаматтарына көмек көрсету үшін 3,5 млн теңге көлемінде ауылдық округті дамытуға демеушілік қолдау көрсетті.
Өңір басшысы «Фермер-2002» ЖШС шаруашылығымен танысты. 2014 жылы кәсіпорын сағатына 30 тоннадан астық кептірген. Өз қаражаты есебінен кәсіпорын 593 млн теңгеге 9 техника мен 3 автокөлік сатып алды.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді