- Басты
- Жаңалықтар
- Жеңіс жалауы Қапшағай гарнизонына жетті (ФОТО)
Жеңіс жалауы Қапшағай гарнизонына жетті (ФОТО)
Салтанатты шараны ашқан Қапшағай гарнизонының бастығы подполковник Мақсұт Гусейнов Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен Елбасы – Жоғарғы Бас қолбасшы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жарияланған Ардагерлер жылын мерекелеу аясындағы акцияның маңызын ерекше атап өтті.
Ол «Жеңіс вымпелін қабылдап алу біз үшін үлкен құрмет. Екінші дүниежүзілік соғыстағы жауынгерлердің ерлігі әскери қызметшілер үшін Отан алдындағы борышын өтеуде әрқашан үлгі болып қала бермек» деді. Ол, сондай-ақ, биылғы жылдың әскерлерде «Біздің жетістіктеріміз – Ұлы Жеңіске» ұранымен өтіп жатқанын атап өтті.
Шараға қатысушылар алдында «Ардагерлер ұйымдары» республикалық қоғамдық бірлестігі Қапшағай қалалық филиалының төрағасы Сергей Вижунов та сөз алды. Ол Мемлекет басшысының қамқорлығының арқасында бірде-бір Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек майданының ардагері, сондай-ақ соғыс балалары назардан тыс қалмайтынын атап өтті.
Ол «Бұл сияқты шараларға қан майданды басынан кешкен ардагерлер ғана емес бүгінде әскер қатарында қызмет ететін Отан қорғаушылары да селқос қарай алмайды» деді.
Ертең Қапшағай гарнизонының әскери қызметшілері Жеңіс вымпелін Отар 40-шы әскери базасына жөнелтеді.
«Жеңіске құрмет» акциясы шеңберінде елімізде шоғырланған әскери бөлімдерге Жеңіс вымпелін тапсыру эстафетасы жүруде.
15 қаңтарда Жеңіс вымпелі Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне тапсырылатын болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Жеңіс күні: Qaharman1945.kz порталы іске қосылды -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Мемлекеттік бюджеттің есебі: 2020 жылғы кіріс, игерілмеген қаржы мен 2021 жылғы міндеттемелер
-
Бюджеттің неғұрлым ірі сомасын игермеген министрліктер белгілі болды -
COVID-19: Ұлыбританияда екпе алғандар саны 15 млн-ға жетті, ал Чехия, Жаңа Зеландия ТЖ режимін ұзартты -
COVID-19: АҚШ-та жұқтырғандар саны 25 млн-ға жетті, Нидерландыда наразылық шаралары күшейді -
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»