- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО елдері үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесі қарастырылған
ЕАЭО елдері үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесі қарастырылған
«ЕАЭО туралы келісім аясында біз тек жинақтаушы зейнетақы экспортын қарастырдық. Базалық зейнетақы төлемі, ортақ зейнетақы мен жинақталған еңбек өтілі тек Қазақстан Республикасы азаматтарына ғана қарастырылады. Еңбек мигранттары табыстың 10 пайызын біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару құқығына ие болады», - дейді вице-министр.
Оның айтуынша, соған сай ЖЗҚ төлемдері өмір сүріп жатқан мемлекеттегі зейнет жасына жеткен жағдайда ғана берілетін болады.
«Елден шыққан кезде мигрантқа зейнетақы жинағы аударылмайды. Олар БЖЗҚ-да жинақтала береді. Тек тұрып жатқан мемлекетінің құзіретті органына барып өтінгенде ғана экспортталмақ», - деп түсіндірді министр орынбасары.
Вице-министрдің мәліметінше, зейнетақымен қамтамасыз ету жекелеген халықаралық келісімдермен қарастырылады, қазір оның тұжырымдамасы дайын.
Сонымен қатар, оның айтуынша, Ресей, Беларусь елдерінің зейнетақы жүйесі қазақстандық жүйеден өзгешелеу. «Егер бізде зейнетақы қорына жеке тұлғаның өз табысының 10 пайызы аударылатын болса, Ресейде мұны жұмыс беруші аударады. Ал, Ресейдің зейнетақы қоры Ресей федерациясы аумағында еңбек етуші жұмыскерлердің зейнетақы төлемдерін олар 63-ке толғанда, яғни зейнетақы жасына жеткенде ғана экспорттайтын болады», - дейді С.Жақыпова.
Камила Амирова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар