ШҚО-да белсенділер ҰОС ардагерлерімен кездесті

8 Қаңтар, 2015 18:33
ШҚО-да жас белсенділер Жеңістің 70 – жылдығына орай ҰОС ардагерлерімен кездесті, деп хабарлады ШҚО-ның ақпараттық орталығы.

«ШҚО-да Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында Жас Отан ЖҚ ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қарттарға тұрмыстық қолғабыс көрсетілді», - делінген хабарламада.

Жалпы, аудан жастары осындай игі бастамаларды қолға алып, қарттарға сый құрмет көрсетуді жыл сайынғы дәстүрге айналдырған. Жастар ҰОС ардагерлеріне, жалғыз басты аналарға, тыл және еңбек ардагерлеріне үнемі көмек көрсетіп, қол ұшын беріп келеді. Биыл да игі шара жалғасын тауып, ауыл жастары өз белсенділіктерімен ауылдағы қарттардың үйлеріне арнайы барып, тұрмыстық көмек көрсетті. Жеткіншектер ауланың маңайын қардан тазалап, отын суларын әзірлеп, үй іштерінің тазалық жұмыстарын атқарып берді.

«Аталарымыз бен апаларымызға қыста ғана емес, жазда да көмектесіп тұрамыз. Көмекке сыныптастарымның бірі қалмай келеді. Бір келгенде біршама жұмыстарды тындырып кетеміз. Біз үшін бұл қиын емес, керісінше аталарымыздың ризалығы бізді қуантады», – деді 9 сынып оқушысы Нұржігіт Қайратұлы.

Барлық жаңалықтар