• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысының қазынашылық департаменті мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен спартакиадада жеңіске жетті

Ақмола облысының қазынашылық департаменті мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен спартакиадада жеңіске жетті

8 Қаңтар, 2015 19:08
Көкшетауда мемлекеттік қызметкерлер арасында шаңғы спорты бойынша V-ші «Отан» спартакиядасы өз мәресіне жетті, деп хабарлады Ақмола Медиа Орталығы.

Жарысқа барлығы 6 департамент пен басқармалар қатысты. Қатысушы ер азаматтар 1 км, әйелдер  500м  қашықтықты сырғанап өту керек болатын.

Үздік физикалық дайындықты облыстық қазынашылық департаменті көрсетті, екінші орынды ревизиялық комиссия иеленсе, үшінші орынды мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызметкерлері місе тұтты.

Жалпы, есептік кезеңде Кубок қазынашылық департаментіне берілсе, өзге де жеңімпаздарға медальдар мен мақтау қағаздар табыстылды. 

Барлық жаңалықтар