• Басты
  • Швецияда Қазақстандағы ҚХА жылын өткізу аясындағы конференция өз жұмысын бастады

Швецияда Қазақстандағы ҚХА жылын өткізу аясындағы конференция өз жұмысын бастады

8 Қаңтар, 2015 15:01
Қазақстандағы ҚХА жылын өткізу және ұйымдастыру бойынша Ұлттық жоспардың алғашқы шарасы басталды, деп хабарлады Мемлекеттік басқару академиясы.

Уппсала университетінде (Швеция, Уппсала қ.) «Ішкі және мемлекетаралық деңгейдегі этносаралық ынтымақтастық» атты  үшкүндік халықаралық конференция өз жұмысын бастады.

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы аталмыш шараның ұйымдастырушыларының бірі.

Хабарланғандай, аталмыш конференция Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын атап өтуге арналған, ҚР Үкіметі бекіткен Ұлттық жоспардың алғашқы шарасы.

Конференцияға Мемлекеттік басқару академиясының профессорлары мен ғылыми қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының   Ғылыми-сарапшылар кеңесі қатысуда.

Конференцияның ашылуында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды зерттеу орталығының басшысы А. Садуоқасова сөз сөйледі. Ол қазақстандық этносаралық қарым қатынастың принциптеріне  егжей-тегжейлі тоқталып, кеңінен әңгімелеп берді.

Мемлекеттік басқару академиясынан атап өткендей, конференцияға қатысудың басты мақсаты қазақстандық қоғамның этносаясат, этносаралық және конфессияаралық қарым қатынаста жеткен жетістіктерін дәріптеу, бөлісу.

Сонымен қатар, отандық делегация елімізде өтетін ЕХРО-2017 туралы мәлімет берді. 

Барлық жаңалықтар