ШҚО-да ШОБ субъектілері 214,2 млрд теңгенің өнімін өндірді

8 Қаңтар, 2015 16:34
Шығыс Қазақстан облысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 214,2 млрд теңгенің өнімін өндірді, бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 7,8% артық, дка хабарлайды облыстық статистика департаменті.

Шағын және орта кәсіпкерлік – Шығыс Қазақстан облысы экономикасының ажырамас бөлігі және өңірдің басты қоры. Бүгінде аталған салада өңірдің экономикалық белсенді халқының үштен бірі еңбек етеді. Бұл өз кезегінде бюджетке үлкен көмек.

1 желтоқсанға дейін облыста шағын және орта кәсіпкерліктің 72 477 субъектісі белсенді еңбек етті. Соның ішінде 293-і орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары болса, 5 152-сі шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, тағы 55 222-сі жеке кәсіпкерлер болса, қалған 11 810-ы шаруа қожалықтары. 

Барлық жаңалықтар