• Басты
  • Жаңалықтар
  • «А» корпусының мемқызметкерлері жыл сайын қызмет бағасынан өтетін болады

«А» корпусының мемқызметкерлері жыл сайын қызмет бағасынан өтетін болады

30 Қыркүйек, 2013 19:13
Қазақстанда әкімшілік мемлекеттік қызметтің қолдауымен «А» корпусы құрылған болатын. Корпусқа енген мемлекеттік қызметкерлер жыл сайын қызмет бағасынан өтетін болады, деп Мемлекеттік істер жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

 « «А» корпусына енген қызметкерлер 4 жылға еңбек келісім шартына отырады.  Әрбір қызметкер жыл сайын қызмет бағасын алатын болады», - деп агенттіктің  хабарламасында  жазылған.

Атап өтілгендей, «А» корпусының қызметкерлері алған баға оларды оқытудың негізгі түйіні болып саналады.

Айта кетейік, «А» басқару  корпусы  халықаралық тәжірибе бойынша құрылды. Бқл мемлекеттік әкімшіл лауазымдағы бақару деңгейі, олар үшін ерекше ережелер қабылданды.  

 

 

Барлық жаңалықтар